Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №4



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №4

      АЛМАТЫ. 12 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 8 – 12 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      08.02.2021

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Сақыпжамал Ұзақбаева.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу орнының білім, ғылым, спорт және өнер салалары бойынша елеулі табысқа қол жеткізген талантты студенттерін қолдауға бағытталған «Жетістікке жеткен жастар» атты медиа жоба бастау алды.

      *****

      – «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Гүлнұр Ыбырай.

       

      09.02.2021

      – 2021 жылғы 19 наурызда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстанда заманауи білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      *****

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Роза Әлқожа.

      *****

      – Қыздар университетінің баспасөз қызметі көш бастады! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштері бойынша үздік атанып, қазақстандық ЖОО арасындағы рейтингте 114 баллдық көрсеткішпен бірінші орынға ие болды.

       

      10.02.2021

      – «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Айнұр Бақытжанова.

      *****

      –  Білім және ғылым салаларындағы басты трендтер не? Аталған салалардың заманауи бағыттары қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық жиын өтеді.

      *****

      – 2020 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдары мен оқытушыларының 23 монография мен 74 оқулығы жарық көрді.

      *****

      – 2020 жылы қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессор-оқытушыларының 975 мақаласы жарық көрді.

      *****

      – Ғылым – қоғам дамуының басты индикаторы. Өткен жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жалпы саны 96 ғылыми іс-шара өтті. Атап айтқанда, 2020 жылы 10 халықаралық және 6 республикалық деңгейдегі конференция, 46 семинар мен 34 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылған.

       

      11.02.2021

      – Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Атаулы дата Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап аталып өтіп келеді.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Қиынова жалпы сомасы 54 млн теңгені құрайтын ғылыми жобаны жеңіп алды.

      *****

      – Өнертабыс – қоғам дамуының қозғаушы күші, ғылыми әлеуетті арттырудың алғышарты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мұғалім кадрларын даярлаумен қатар, оқу орны ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына да мүмкіндік береді.

      *****

      – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының 2020 жылғы рейтингісі жарияланды.

      *****

      – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылғы жалпы рейтингісі жарияланды.

       

      12.02.2021

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Жәмила Елемесова.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасындағы әдебиеттер қоры 1 млн-нан асады.

      *****

      – 2020 жылы Қыздар университетінің электронды кітапханасы 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдары мен XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасады.

      *****

      – 2020 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 216 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

      *****

      – «Универіңді таны!» жобасы: «Қазақ аруы» субұрқағы.

      *****

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Алма Аманжолова.

      *****

      – 2021 жылғы 8 – 12 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      *****

      – 08.02.2021 – 12.02.2021: Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті туралы жарық көрген имидждік жарияланымдар.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз хатшысы – баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан БАҚ пен әлеуметтік желілерге апталық мониторинг жасады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: