ҚызПУ-дың кітап қоры 1 млн-нан астам



    • ҚызПУ-дың кітап қоры 1 млн-нан астам

      АЛМАТЫ. 12 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасындағы әдебиеттер қоры 1 млн-нан асады.

      Басылымдардың 700 мыңға жуығы оқу құралдары болса, 192 мыңнан астамы ғылыми бағыттағы кітаптар. Ал көркем әдебиеттің үлесі 142 мың көлемде. 

      Сондай-ақ университеттің кітап қорында 54 мың шамасында сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар сақтаулы. Жалпы әдебиеттердің 936 512-сі қазақ тілінде, 120 939-ы орыс тілінде және 10 327-і шетел тілдерінде. 

      Кітап қоры кафедралардан түскен тапсырыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы және авторлардың сыйға тартылған кітаптары мен университет баспасынан шыққан оқулықтар арқылы толықтырылады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: