216 студент ғылыми зерттеумен айналысты



    • 216 студент ғылыми зерттеумен айналысты

      АЛМАТЫ. 12 ақпан. Баспасөз орталығы  2020 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 216 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

      Сонымен қатар сәйкес кезең аралығында оқу орнының білім алушылары 33 Start-up жоба ұсынып, оның ішінде 17 жобаны нақты жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

      2020 жылы университет кафедраларында 21 студенттік ғылыми үйірме жұмыс жүргізіп, оған жалпы саны 337 студент қатысқан. Бұл студенттер контингентінің 8,7 пайызын құрайды.

      Айта кету керек, студенттік ғылыми үйірме жұмысы 14 кафедрада ғана іске асырылған. Алдағы уақытта үйірмелердің жұмысын жүйелеу және нақты нәтижеге қол жеткізуді дұрыс жолға қоюға басымдық беріліп отыр.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: