«Qyzdar Ýniversiteti» газеті 12 бет болып шығады



    • «Qyzdar Ýniversiteti» газеті 12 бет болып шығады

       АЛМАТЫ. 25 қаңтар. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýniversiteti» газеті биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 12 бет болып жарық көреді.

      20 жылға жуық білім мен ғылым қарашаңырағының жылнамасын жазып келе жатқан басылым оқырманның талғамы, заманның талабына сай сараптамаларға, рухани-танымдық материалдарға көбірек басымдық бермек.

      Газет оқу орнындағы ақпараттар мен жаңалықтарды жариялаумен ғана шектелмей, білім және ғылым саласындағы маңызды да өзекті мәселелерді көтерген материалдарды қамтуды қолға алады.

      Айта кетейік, 2018 жылы «Qyzdar Ýniversiteti» басылымына дизайндық және мазмұндық ребрендинг жасалып, оған жан-жақты өзгерістер енгізілген болатын. Бүгінде газет айына бір рет D2 форматында түрлі-түсті болып шығады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны:+7 727 237 00 07

      e-mail:kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: