Жасанды интеллект бойынша «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауы



    • Жасанды интеллект бойынша «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауы

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай және ғылым декадасы аясында 24 сәуір күні Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен Информатика және Ақпараттық технологиялар бағыттарына қарасты білім беру бағдарламаларының студенттері арасында Жасанды интеллект бойынша «IQ АЛАМАН 2024» Республикалық байқауы болып өтті.

      Байқаудың мақсаты талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу; білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту болатын. Осыған орай Қыздар университеті 1-орын иеленген командаға 150 000 тг., 2-орын иеленген командаға 100 000 тг. және 3-орын иеленген екі командаға 50 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар тағайындады. Байқауға Ақтөбе, Тараз, Шымкент Талдықорған және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған командалар келді.

                                                     

      Атап айтар болсақ:

      • Ақтөбе қаласы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен «ThinkByte» командасы, жетекшісі Умирзакова Бану Габиденовна;
      • Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтынан  «No defeat» командасы, жетекшісі Әбдіғаппар Қыдырбек Сейтжаппарұлы;
      • Шымкент қаласы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Black clover» командасы, жетекшісі Қалдарова Болғанай Сейлханқызы;
      • Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Zhetysu» командасы, жетекшісі Тукенова Наталья Иембергеновна;
      • Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен «ARSH» командасы, жетекшісі Шормакова Асем Ноябревна;
      • Алматы қаласы, Алматы технологиялық университетінен «CreaTeam» командасы, жетекшісі Тұрысбек Жәнібек;
      • Алматы қаласы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «Интеллект» командасы, жетекшісі Чингенжинова Жумакыз Сейткадыровна;
      • Конкурстан тыс Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Tech Ladies» командасы, жетекшісі Қалдыбаева Айжан Сейсебековна.

                                                                                 

      Байқауда командалардың білім көрсеткіштерін бағалап, жеңімпаз команданы анықтайтын әділ қазы алқасының құрамында:

      • ЖШС «QSTEM» білім беру орталығының директоры Досболов Нурболат Муратович;
      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а.  Балажанова Кымбат Магитаевна
      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Цифрлық офицері Қартбаев Тимур Саатдинович
      • Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры, профессор Салгараева Гүлназ Ибрагимқызы.

                                                     

      Байқау «IQ Quiz», «IQ Coding», «AI Design», «AI Project» деп аталатын төрт кезеңнен тұрды. Байқау барысында барлық командалар бақтарын сынап, бар білімдерін паш етті Командалар жасанды интеллектті пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелердің шешімдерін (AI боттар, VR қосымшалар, роботтар және т.б.) ұсынып, қорғады.

                                                                                 

      Байқау қорытындысы бойынша, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, «Black clover» командасы 1-орын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен «ARSH» командасы 2-орын, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «Интеллект» командасы 3-орын, Алматы технологиялық университетінен «CreaTeam» командасы 3-орын  иеленді. Байқау тартысты да қызықты өтті. Байқаудың әділ өтуін қадағалаған әділ қазылар алқасы студенттердің өте жақсы дайындықпен келгендерін атап өтті.

                                                        

      Бөлісу: