«Ғылым декадасы-2024» салтанатты іс- шарасы өтті



    • «Ғылым декадасы-2024» салтанатты іс- шарасы өтті

      2024 жылдың 11 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым декадасы - 2024» аясында Ғылым қызметкерлері күніне және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арналған салтанатты іс-шара өтті.

                                                         

      Ic-шара Директорлар Кеңесінің төрағасы экономика ғылымдарының докторы Өксікбаев Омархан Нұртайұлының ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін ғылым ардагерлерін алғыс хатпен марапаттаумен басталды.

      Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын еселей түсуде.

      Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы университет пен оның ғалымдарының ғылыми жетістіктерін атап өтіп, зерттеушілердің, оның ішінде жас ғалымдардың жоғары әлеуетін бағалап, ғылыми қызметті дамытудың маңыздылығына тоқталды.

                                                                               

      Сонымен қатар, салтанатты шарада жобаларды ішкі қаржыландыру конкурсына және Startup жобалар конкурсы жарияланатындығы хабарланды.

      Құрметті университет ғалымдары! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!

                                                                               

       

      Бөлісу: