QYZPU студенттері Анкара мектебінде ағылшын тілінен сабақ беруде



    • QYZPU студенттері Анкара мектебінде ағылшын тілінен сабақ беруде

      Филология факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Алтаева Баян және Тұрлыбек Рахима академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Гази университетінде біліп алып жатыр. Сонымен қатар студенттер Анкара қаласының Анадолы орта мектебінде педагогикалық практикадан өтуде. Практика аясында студенттер 10-сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ беріп, халықаралық деңгейде тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

                                                 

      Студенттерімізді Гази университетінің проректоры, профессор Южель Гелишли мырза (Yücel Gelişli), практика барысында Кирами Рефия Алемдароғлу атындағы Анадолы орта мектебінің директоры Ерол Калынсаз мырза  (Erol Kalınsaz) қабылдап, жылы лебіздерін білдірді.

                                                                               

      Студенттерімізді мақтан тұтамыз және оқуды абыроймен аяқтап, жақсы тәжірибе алмасып келуіне тілектеспіз!

       

      Бөлісу: