Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында



    • Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында

      29 наурыз күні QyzPU-да «ӘЛЕМДІК АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰСТАЗ ҚОЛЫНДА» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

      Университеттің 80 жылдығына арналған шараны Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Информатика кафедрасы ұйымдастырды. 

      Конференция студенттер, магистранттар және жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге ынталандыру, ғылыми проблемаларды шешуге тарту және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

      Конференцияның мақалалар жинағына Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы және т.б. облыстары мен Талдықорған, Алматы қалаларынан 90-нан астам ғылыми жұмыс қабылданды.

      «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы инновациялық әдістер: дәстүрлі оқытудан цифрлық әлемге», «Білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» секциялық отырысында конференция қатысушылары баяндама жасап, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылады, пікір алмасты.

      Жыл сайын өткізілетін конференция келесі жылы да ұйымдастырылып, Қазақстанның ғылым және білім беру саласының дамуына ықпал етеді деген сенімдеміз.

       

      Бөлісу: