QYZPU ғалымы «Жұлдыз.FM» радиосында



    • QYZPU ғалымы «Жұлдыз.FM» радиосында

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетигі Асқар Қалекешов «Жұлдыз.FM» радиосында қонақта. Ғалым Алматының ауасын тазарту бойынша ғылыми зерттеу туралы «Таңғы шоу» бағдарламасына бүгін таңертең сұхбат берді. Бағдарлама СТВ арнасы, радио мен әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетілді. Бағдарлама жүргізушілері – Жандәурен Мәди мен Наргиз Ибрагим.

                                                        

      Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын тазартудың инновациялық әдісін ойлап тапты. Ол үшін бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек. Қала тұрғындарының денсаулығы мен экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады.

      Бөлісу: