QYZPU-да IT саласындағы жаңа трендтер талқыланды



    • QYZPU-да IT саласындағы жаңа трендтер талқыланды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қазіргі IT саласындағы жаңа трендтер талқыланды. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауда аса маңызды болып табылатын ғылыми-әдістемелік семинарда «QSTEM» білім беру орталығының директоры Нұрболат Досболов, «Жұмбақсай оқиғасы» мультфильмін дайындаған инженерлер Нұрлан Қайранбаев пен Мағжан Сағитжан, сондай-ақ аға оқытушы Назгүл Маметжанова басты технологиялық және әдіснамалық инновациялар туралы өзекті ақпараттармен бөлісті.

                                                   

      Спикерлер қазіргі ғылым мен өмірдегі жасанды интеллекттің рөлі, , сондай-ақ қазіргі ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдерді білім беру және ғылыми-зерттеу процестеріне енгізу әдістерін талқылады.

                                                                               

      Мәселен, аға оқытушы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Назгүл Маметжанова анимациялық кейіпкерлерді пайдалана отырып, бейне дәріс жасау тәжірибесімен бөлісті. Ал Нұрлан Қайранбаев пен Мағжан Сағитжан «Жұмбақсай оқиғасы» мультфильмі қалай әзірленгені туралы айтып берді.

      Осылайша ғылыми-әдістемелік семинар ақпараттық технологиялар саласындағы ғалымдар мен мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Іс-шараға қатысушылар заманауи трендтер туралы мамандардан құнды ақпарат алып, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын байытты.

       

      Бөлісу: