QYZPU жас ғалымы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің Президиум құрамына енді



    • QYZPU жас ғалымы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің Президиум құрамына енді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Ғылым департаментінің директоры Мөлдір Әбдірайымова ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының құрамына енді. Айта кетейік, жас ғалымдар кеңесі елімізде алғаш рет құрылды. Жас ғалымдарды біріктіретін ұйымның құрылғаны жөнінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев жас ғалымдармен кездесу кезінде жариялады.

                                              

      Басқарма президентімен кездесуге Мөлдір Әбдірайымова да қатысты. Ал Президиум құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан 23 ғалым енді.

                                                                                 

      Президиум жас ғалымдардың бастамаларын қолдап қана қоймай, олардың құқықтарын қорғайды. Қазақстанда тұңғыш рет құрылған Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына сәттілік тілейміз.

                                                      

      Бөлісу: