Қазақстанның үздік ұстаздарымен кездесу өтеді



    • Қазақстанның үздік ұстаздарымен кездесу өтеді

      11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еліміздің үздік ұстаздарымен кездесу өтеді. «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбындағы вебинарға «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының финалистері қатысып, өз тәжірибелерімен бөліспек.

      Оқу орнының YouTube желісіндегі «Qyzdar Ýniversiteti» ресми арнасы мен Zoom платформасында бейнеконференция режімінде ұйымдастырылатын іс-шараның басты мақсаты – мұғалім мамандығын қолдау және оқытушылық қызметтің беделін арттыру, болашақ педагогтарды өз кәсібіне ынталандыру.

      Вебинарға қатысуға тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScBzAhC1eWOYOwcYymMaIJSBYgpyaV5uwrRPUsZTjxcqRfOdQ/viewform?usp=sf_link

      Айта кетейік, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығын осымен екінші жыл қатарынан табыстады. Жеңімпаз 4 миллион теңге көлеміндегі қаржылай жүлдеге ие болады, сонымен қатар финалға қатысушы 10 үздік ұстаздың сауалнамасы Нобель сыйлығының педагогтарға арналған теңдессіз «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі.

      «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы оқушылардың білім алуында іс-әрекеттік ыңғай идеяларын тәжірибе жүзінде іске асырып жүрген, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі.

      Оған қатысу үшін www.teacherprize.kz ресми сайтында сауалнама толтыру қажет.

      Сауалнамада бағаланатын негізгі критерийлердің бірі – педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы. Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге қосуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Үміткерлерді әділ іріктеуді тәуелсіз қазылар академиясы жүргізеді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: