QYZPU студенттері қытай каллиграфиясы бойынша үздік деп танылды



    • QYZPU студенттері қытай каллиграфиясы бойынша үздік деп танылды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қытай каллиграфиясы бойынша байқауда үздік деп танылды. Сайысты Алматыдағы жоғары оқу орындары арасында Конфуций институты ұйымдастырған болатын. Қыздар университеті атынан байқауға «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты.

      Студенттер нақыл сөздерді жазды қытай тілінде әдемі жазудан сайысты. Нәтижесінде Қымбат Слямбекова – 1 орын, Гүлсая Каналкул Гүлсая – 2 орын, Сәуле Тілеуқабыл мен Малика Молдажанова 3 орынды иеленді.

                                                        

      Одан бөлек қытай тілін жетік меңгерген қыздарға «Үздік топ» сертификаты берілді. Ал студенттердің жетекшісі – шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының қытай тілі пәнінің аға магистрі, оқытушы Ақан Гүлнәр үздік жетекші марапатына ие болды.

                                                                                       

      Бөлісу: