Студенттер арасындағы шығармашылық байқау өтті



    • Студенттер арасындағы шығармашылық байқау өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушыларының шығармашылық әлеуетін арттыру, жастардың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру мақсатындағы «Туған жер» тақырыбындағы эссе байқауы өтті.

      Шығармашылық сайысқа оқу орнының 1 және 2 курс студенттерінен 30-дан астам жұмыс келіп түскен. Сонымен қатар байқауға мектеп оқушылары да қатысып, өз мүмкіндіктерін сынап көрді.

      Қазылар алқасы жұмыстардың теоретикалық негіздемесі, терминдерді орнымен қолдануы, сауаттылық және логикалық заңдылықтардың сақталынуы сынды талаптар бойынша бағаланды.

      – Байқауды өткізудегі мақсат – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру аясында жастар арасында отансүйгіштікті нығайту, – деп атап өтті Практикалық шетел тілі кафедрасының меңгерушісі Бакиза Пазилова.

      Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Биология» мамандығының 2 курс студенті Сымбат Мырзағалиева иеленді. Бірінші орын «Биология» мамандығының 1 курс студенті Жанар Бөрібаева, екінші орынды «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенті Аружан Қылышбекова мен «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс студенті София Мамедова ие болды. Ал үшінші орынды «Информатика» мамандығының 1 курс студенті Алуа Жұмабай, «Дефектология» мамандығының 1 курс студенті Инабат Ілікова мен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті Нұрлыгүл Қалқаманова өзара бөлісті.

      Жүлдегерлер Алғыс хатпен және түрлі номинациялармен марапатталды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: