QYZPU-дің 16 студенті Түркиядағы оқуын сәтті аяқтады



    • QYZPU-дің 16 студенті Түркиядағы оқуын сәтті аяқтады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 16 студенті Түркиядағы оқуын сәтті аяқтап, Қазақстанға оралды. Олар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онда 4 ай уақыт болды.  

      Студенттер Түркияның екі беделді жоғары оқу орнында оқыды: 13 студент Нийде қаласындағы Омер Халисдемир (Ömer Halisdemir University) университетінде, ал қалған үшеуі - Балыкесир қаласындағы Балыкесир университетінде дәріс алды.

                                                   

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге жан-жақты білім алып, жаңа тәжірибе жинақтауға және басқа елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. Олар сондай-ақ шетелдік студенттермен араласып, жаңа достар тапты.

                                                                                 

      Түркиядағы оқу студенттерге ұнағанына қарамастан, олар үйлеріне оралғанша асыққандарын айтады. Өйткені туған-туыстары мен қыздар университетіндегі достарын сағынған. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Түркияда осы бағдарлама бойынша тағы 8 студент оқу оқып жатыр.

                                                       

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері жиі шетелге оқуға шығады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қазіргі кезде Қытайдағы Хубэй университетінде 8 студент оқып жатыр. Сондай-ақ Литвадағы Вильнюс  университетінде 2 курс магистранты Сұлу Аралбаева да оқуда. Университет шет елдегі студенттерімен әрдайым байланыста. Хабарласып, хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап тұрады.

                                                                                   

      Бөлісу: