Министр QYZPU проректорын құттықтады



    • Министр QYZPU проректорын құттықтады

      ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры Закир Жұмақұловты туған күнімен құттықтады. Астанадан жеткен министрдің құттықтауы университет ұжымы үшін күтпеген тосын сый болды.

      «Құрметті Закир Даниярұлы, Сізді Қазақстан Республикасы Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің атынан жəне жеке өз атымнан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі қуанышты күні Сіздің ойға алған игі істеріңіздің қашанда оңға басып, абыройыңыздың арта беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін. Еліміздің жарқын болашағы жолындағы ізгі ізденістеріңіз табысты болып, халықтың ілтипатына бөлене беріңіз. Өмір жолыңыз ұзақ та бақытты, бағындырар асуыңыз асқаралы да баянды, көрер қызығыңыз таусылмастай көп болсын,» – делінген министрдің құттықтау хатында.

                                                     

      Закир Жұмақұлов небәрі 38 жасында ғылым мен білім саласында үлкен жетістіктерге жетіп, бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры қызметін атқарып отыр. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі 2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын тәмамдаған. Ал 2012 жылы АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде мемлекеттік саясат саласында магистр (MPP) дәрежесін алды.

      Закир Даниярұлы еңбек жолын Назарбаев Университетінің кіші ғылыми қызметкерлігінен бастаған. 2017-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жобалық менеджері, 2018-2021 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің ғылыми бағдарламалар бойынша директоры қызметтерін атқарған. Мемлекеттік саясат магистрі (MPP), Мичиган мемлекеттік университеті, (АҚШ); Қазақстан Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (KERA), (Қазақстан).

       

      Бөлісу: