QYZPU студенті Түркияға жолдама алды



    • QYZPU студенті Түркияға жолдама алды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Сымбат Шалдарбек Түркияға тегін жолдама алды. Оқудағы озат жетістіктері үшін оған Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы Анталияға саяхат сыйлады. Білімі мен белсенділігі арқасында Сымбат Жерорта теңізінің жағалауында 8 күн қатарынан демалатын болады. Студент Түркияға саяхатқа отбасы мүшесін де ерте алады. Өйткені жолдама екі адамға арналған.  

      Білімді жастарды қолдайтын байқаудың ұйымдастырушылары жолдама иегерлеріне гид-тарихшыларды да қосып берген екен. 8 күндік саяхат кезінде Сымбат Шалдарбек тек Анталияны аралап қана қоймай, Каппадокия мен Памуккалеге де барып, тарихи танымын кеңейте алады. 

      Сымбат Шалдарбек арнайы педагогика білім беру бағдарламасының студенті. Оқуда озат қыз республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы.

      Бөлісу: