QYZPU оқытушылары айрықша еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды



    • QYZPU оқытушылары айрықша еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Махаббат Садықова мен Білім беру саласының үздігі, докторант Ләйла Аманқұлова «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрмет белгісін ректор Гүлмира Қанай салтанатты түрде табыстады.

                                                         

      Сонымен бірге физика кафедрасының аға оқытушысы Нұрай Байтұрсын, арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Оспанова мен математика кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Слямова Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасының иегері атанды.

                                                                        

      Осы салтанатты жиында ректор Гүлмира Қанай  университеттің дамуына, студенттеріміздің сапалы білім алуы үшін ұзақ жылдар еңбек еткен тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессордың міндетін атқарушы Ләззат Қожакеева мен бас кітапханашы  Алмагүл Кенжебекованы, Біліктілікті арттыру орталығының әдіскері Галя Агибаеваны құрметті зейнетке  шығуымен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физика кафедрасының профессоры, белгілі ғалым Адамбек Тәтеновты 75  жасқа, химия кафедрасының білім беру бағдарламасының көшбасшысы Нұрбала Мырзахметованы 60 жасқа толуымен құттықтап, мерейтой иелеріне гүл шоқтарын сыйлады.

                                                            

                                                       

       

      Бөлісу: