Қазақстанның белгілі физигі 75 жасқа толды



    • Қазақстанның белгілі физигі 75 жасқа толды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті физика кафедрасының профессоры, белгілі ғалым Адамбек Тәтенов 75  жасқа толды. Адамбек Мақсұтұлы – ҚР Орта білім саласын ақппараттандыру жобасының авторы, орта білім саласын ақпараттандыруды тұңғыш бастаған топтың ғылыми жетекшісі, сонымен бірге 1980 жылы Қорқыт ата кесенесіндегі қобыз мүсінінен қобыздың үнін шығарған ғалымдар тобының мүшесі.

      Сондай-ақ Швейцарияның ғылым Алтын медалі мен Англия Ханшайымының Алтын медалі және Наполеон атындағы Алтын медалі, «Қазақстан даңқы» ордені, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім және ғылымның құрметті ардагері» медалінің және Қазақстан Республикасының «Білім озаты» төсбелгісінің иегері.

      Профессор Адамбек Тәтенов тек ғылым мен білімге ғана ұмтылып қоймай, өнертапқыш, әнші, күйші-сазгер ретінде де танылған.

      Ректор Гүлмира Қанай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы атынан Қазақстанның атын алыс-жақын шет елдерде танытқан белгілі ғалым Адамбек Мақсұтұлын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.

      Бөлісу: