QYZPU студенті ТМД-ның төсбелгісімен марапатталды



    • QYZPU студенті ТМД-ның төсбелгісімен марапатталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Аружан Көпжасар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті атанды. Жастар саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық істерге белсене қатысқаны үшін ТМД-ның Үздік студенттер академиясы Аружанға «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісін табыстады.  

      ТМД бойынша үздік студенттерді анықтайтын халықаралық байқауды Үздік студенттер академиясы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған болатын. Байқауға халықаралық, республикалық және өңірлік олимпиада жеңімпаздары мен жоба жүлдегерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың белсенділері, Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүрген спортшы студенттер қатысты.

      6В01501-Математика білім беру бағдарламасы бойынша қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында білім алып жүрген Аружан Көпжасар үшінші жыл қатарынан «Саналы ұрпақ» клубын басқарып, студенттер арасында жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Оқуда озат студент қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып қана қоймай, университет атын түрлі байқауларда танытуда.

      Бөлісу: