Сассекс университетінің профессоры QYZPU оқытушыларымен кездесті



    • Сассекс университетінің профессоры QYZPU оқытушыларымен кездесті

      Сассекс университетінің профессоры Саймон Томсон Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары және жас ғалымдармен кездесіп, оларға арнайы семинар өткізді. Семинарға бағдарлама көшбасшылары мен сапаны қамтамасыз ету қызметкерлері де қатысты. Британдық ғалым оқытудың заманауи тәсілдері, студенттерді бағалау әдістері, академиялық даму мен зерттеу жұмысына байланысты өз тәжірибесімен бөлісті. 

                                                         

      Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Сассекс университеті ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнатуды бастады. Атап айтқанда, тараптар қос диплом бағдарламасын іске асыратын болады. Осы бойынша келіссөздер өткізу үшін Сассекс университетінің профессоры Саймон Томсон Ұлыбританиядан Алматыға арнайы келген болатын.

                                                                                

      Қос диплом бағдарламасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Сассекс университеті бірлесіп жеңіп алған Британдық кеңес грантының аясында іске асады. Яғни қазақстандық магистранттар мен докторанттар екі диплом алатын болады: біріншісі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, екіншісі – Сассекс университетінің дипломы.

                                                              

      Осы әріптестік аясында педагогика саласында қосымша білім алуға мүмкіндік беретін PGCE in Pedagogy and Practice халықаралық бағдарламасын да іске асады. Сондай-ақ профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыратын орталық құрылады. Бұл қазақстандық және британдық жоғары оқу орындары ғылымды дамытуда да бірлеседі деген сөз.   

       

      Бөлісу: