QYZDAR UNIVERSITY жас ғалымдары жасанды интеллектті зерттеуде қалай қолдануға болатынын көрсетті



    • QYZDAR UNIVERSITY жас ғалымдары жасанды интеллектті зерттеуде қалай қолдануға болатынын көрсетті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымдары әріптестерімен педагогикалық зерттеулер жүргізу және зерттеу процесінде жасанды интеллектті қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Жас ғалымдар мысалдар келтіре отырып, түрлі кейстерді көрсете отырып, ғылыми мақалалар жазуда өздерінің жеке тәжірибелерін ұсынды. Олар жасанды интеллект зерттеу процесін едәуір жеңілдете алатынын айтып, осы технологияның түрлі қосымшаларына мысалдар келтірді.

      Семинар аясында студенттер жобаларының ғылыми жетекшілері үшін сабақты зерттеу әдісін (Lesson study) пайдалану мәселесі талқыланды. Сондай-ақ жас ғалымдар Lego-конструкторларды пайдалана отырып, брейнсторминг өткізді. Яғни қарапайым конструкторлардың көмегімен креативтілік, шешім қабылдау және рефлексия дағдыларын қалай дамытуға болатынын көрсетті. Бұл тәсіл студенттерге оқу процесінде ғана емес, шығармашылық қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік береді.

                                                      

      Айта кету керек, барлық лекторлар Сассекс Университетінде «Халықаралық білім беру саласындағы зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында ғылыми семинар-тренингтен өткен. Өздерінің тәжірибелерімен әріптестерімен қуана бөліскен олар Educational Research Community қоғамдастығын құрды.

      «Зерттеу өнерін игеру: зерттеу әдіснамасы мен жасанды интеллектті интеграциялау» ғылыми семинары университеттегі зерттеу қызметін дамытуда маңызды қадам болды. Ол жас ғалымдарға білім, тәжірибе және идеялармен алмасуға, сондай-ақ педагогикалық зерттеулер саласында жасанды интеллект сияқты заманауи технологияларды қолдануды көрсетуге мүмкіндік берді. Құрылған Educational Research Community қауымдастығы ғалымдар мен педагогтар арасындағы одан әрі даму және ынтымақтастық үшін тұғырнамаға айналады деп сенеміз.

                                                                                  

      Бөлісу: