Almaty aqshamy газетінде ректордың мақаласы шықты



    • Almaty aqshamy газетінде ректордың мақаласы шықты

      Almaty aqshamy газетінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанайдың мақаласы шықты. Онда арулар ордасының басшысы президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты туралы өз пікірін жазған.  

      «Біздің бағыт – білім мен ғылым, оның ішінде қыздарымызды ұлағатты ұстаз, дарынды ғалым етіп тәрбиелеу, десе де қоғамда болып жатқан жайттардан біз тысқары қалып, оларға көз жұма қарай алмаймыз. Қазақстанның бүгіні мен болашағына педагогтар да қатты алаңдайды. Сол себепті сұхбатта көтерілген еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптарға қатысты президенттің берген жауаптарын қызығушылықпен оқып қана қоймай, ол туралы пікірімді білдіруді жөн санадым», – деп бастаған ректор мақаласын.

      Гүлмира Қанай еліміздің халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі, халықаралық байланыстар, ғылым мен білімнің өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ ызғарлы Қаңтар оқиғасына да тоқталған.

      «Қасым-Жомарт Кемелұлы қасіретті Қаңтар оқиғасының басты себебін де айтты. Жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар осындай ахуалға әкелгендігін түсіндірді: «Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді», - деді Мемлекет басшысы. Елдігімізге түскен сын сағатында көшбасшылық танытып, өзіне жауапкершілік ала білу екінің бірінің қолынан келе бермейтіндігі сөзсіз. Президенттің бұл ұстанымы, біз сияқты жас буын көшбасшылар үшін үлкен  үлгі, әрі өнеге болғандығын сеніммен айта аламын. Ең маңыздысы, еліміздің келешегі, қоғамдық белсенділік пен өз өміріне жауапкершілік ала білу, яғни демократияның басты принциптеріне деген сенімдердің күшейуі бізді қатты қуантады», – деді ректор.

      Мақаланың толық мәтінімен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.

      Бөлісу: