QYZPU студенті ТМД-ның үздік студенті атанды



    • QYZPU студенті ТМД-ның үздік студенті атанды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Дана Құралбаева ТМД елдерінің арасындағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық істерге белсенді атсалысқаны үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті атанды. «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Дана Құрлабаеваға байқау ұйымдастырушылары төсбелгі табыстады.

      Дана Құралбаева Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты Кәсіптік білім беру  кафедрасында 6В01402 «Визуалды өнер және көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы бойынша білім алуда. Ол университеттің түрлі іс шараларына белсене қатысады, халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде өткен байқаулардың жеңімпазы. Атап айтсақ, 2022 жылы «AMANAT» партиясы Астана қалалық Бірлік филалы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» форумында жылдың үздік студенттер сайысына қатысып,  ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды. "Ұлы дала ұрпақтары" атты республикалық фестиваль көрмесінің шығармашылық байқауының «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша бас жүлде және «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша І-орын алды. 2022 жылы Парижде Bortone галереясында ұйымдастырылған Joyeux Noel EXPOSITION LUMIER DE NOEL байқауында дипломмен, Түркияда өткен GRAZIOSO халықаралық өнер байқауында I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

      Бөлісу: