QYZPU оқытушылары білім берудегі заманауи трендтерді үйренуде



    • QYZPU оқытушылары білім берудегі заманауи трендтерді үйренуде

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары білім берудегі заманауи трендтерді меңгеріп жатыр. Осы курс шеңберінде олар экологиялық тәрбиенің, атап айтқанда қоршаған орта мен табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауды, сондай-ақ жасанды интеллектті студенттерге білім беруде тиімді пайдаланудың әдістерін үйренеді.

      Ал курстың негізгі түп мақсаты – оқытушылар арқылы студенттерді экологиялық жауапкершілікке, мәселен, қоқысты бөлек жинау, су ресурстарын тиімді пайдалану, жалпы алғанда, жастарды тұрақты дамуға ықпал ететін толыққанды тұлға етіп тәрбиелеу болып табылады. Бұдан басқа, оқытушылар жасанды интеллект арқылы құнды ақпаратты алуды меңгеріп, сондай-ақ күрделі процестерді неғұрлым қарапайым ете алатын болады.

                                                          

      Курс бағдарламасына сыни ойлауды дамыту да кіреді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқытушылар ақпаратты талдауға, күрделі міндеттерді шеше алады. Білім беру саласы сәт санап дамып, өзгеріп жатыр. Сондықтан сыни ойлау оқытушылардың осы өзгерістерге бейімделуіне көмектеспек. Яғни Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары білім берудегі заманауи үрдістер мен инновациялардан хабардар бола алады. Сондай-ақ кәсіби дағдыларын дамытып, тұрақты даму қағидаттарын өзінің ұстаздық ісіне тиімді енгізетін болады.

      Біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі Қамеш Хамзинаның айтуынша, бұл курс Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушыларына инновациялық білім беру саласында көшбасшы болуға және тұрақты дамуға бағытталған болашақ құруға көмектеседі. «Білім берудегі заманауи трендтер» курсын сәтті аяқтаған оқытушыларға арнайы сертификаттар беріледі.

       

      Бөлісу: