AIQYN газетінде QYZPU ғалымдары туралы мақала шықты



    • AIQYN газетінде QYZPU ғалымдары туралы мақала шықты

      AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газеті «Табиғатқа жанашыр жасыл жоба» атты мақала шығарды. Онда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері қаланың ауа сапасын жақсартуға көмектесетін тың әдіс ойлап тапқандығы туралы жазылған.

      «Қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірген экологиялық мәселенің алдын алуда алматылық ғалымдар да үнсіз қалмақ емес», – дейді  AIQYN журналистері. Инновациялық әдіс негізінде зиянды заттарды бойына сіңіретін өсімдіктер өсіріледі. Экологиялық маңызы зор жобаның жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты Асқар Қалекешов.

      Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын тазартудың инновациялық әдісін ойлап тапты. Ол үшін бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек. Қала тұрғындарының денсаулығы мен экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады.

      Бөлісу: