Аға оқытушы Бұлбұл Матай өмірден озды



    • Аға оқытушы Бұлбұл Матай өмірден озды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD Бұлбұл Матай дүние салды. Марқұм шет тілін оқыту әдістемесі кафедрасында ағылшын тілінен сабақ беріп қана қоймай, саналы ғұмырын білімге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда Қытай университеттерімен қос диплом бағдарламасын іске асыруға белсене араласты. Сондай-ақ ол ғылыми-зерттеулер жүргізіп, әдістемелік материалдарды әзірлеуде жас оқытушыларға кеңес беретін.

      Бұлбұл Матай М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша сәтті аяқтап, еңбек жолын 2003 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушы ретінде бастаған. 2015-2018 жылдары Қытайдағы Хубэй университетінде білімін жалғастырып, «Қытай тілі әдебиеті» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай аға оқытушы Бұлбұл Матайдың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұстаздың есімі, кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттері әріптестерінің және студенттердің жадында сақталмақ.

      Бөлісу: