Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №27



    • Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №27

      2020 жылғы 1 – 4 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      01.12.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен білім алушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

       

      03.12.2020

      – Баламалы қуат көздері энергетикалық тәуелділіктен құтқара ма? Оны тиімді пайдалану мен дамыту қаншалықты деңгейде жүргізілуде? Осы және бұл тараптағы өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатымен 23 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық жиын өтеді.

      ***

      – Ертең Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі түрколог ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанұлының 90 жылдығына орай «Түркологиялық кеңістіктегі гуманитарлық ғылымдар: тарихи сабақтастық пен өзара ықпалдастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      ***

      – Желтоқсан айының 7-8 күндері «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқалиқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттерімен кездесу өткізеді.

       

      04.12.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының бастамасымен мектеп оқушылары арасындағы «Digital Lady» атты республикалық пәндік олимпиадасы мәреге жетті.

      ***

      – «Қазақстан: Жаһандық цифрлы үрдістер және әлемдік тәжірибе». Осындай атаумен 12 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      ***

      – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тағылымды басқосу өтті. «Егемендік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі» тақырыбындағы жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: