QYZPU студенттері Венгрияға бара алады



    • QYZPU студенттері Венгрияға бара алады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Дебрецен университеті мектепке дейінгі және арнайы білім беру саласында стратегиялық серіктес болуға келісті. Бұл туралы тараптар «Мектепке дейінгі білім беру: баланы оқыту мен тәрбиелеу» семинарында мәлімдеді.

                                                          

      Бұл келісім студенттер мен оқытушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, мектепке дейінгі және арнайы білім беруді дамытуға ықпал етеді.

                                                                                  

      Дебрецен университетінің мектепке дейінгі және арнайы білім беру кафедрасының ғалымдары Нора Немет пен Анико Нагиді ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Жұманқұлов қарсы алды. Бұл күні семинарға қонақ ретінде Сүлейман Димерел атындағы университеттің ғалымдары Дана Молдабаева мен Гүлмира Мышбаева да қатысқан болатын.

                                                                                 

      Кездесуде Нора Немет мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімдеу, мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ойлау қабілеті, отбасы тәрбиесі, мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық әдістері бойынша өз тәжірибесімен бөліссе, Анико Наги Реджио-Эмилия педагогикасы, мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың өзекті мәселелері туралы ойын ортаға салды.

      Бөлісу: