Дене шынықтыру және спорт кафедрасының көшбасшысы медальмен марапатталды



    • Дене шынықтыру және спорт кафедрасының көшбасшысы медальмен марапатталды

      Республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының білім беру бағдарламасының көшбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Әлия Еселбаеваны патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін медальмен марапаттады.

      Қыздар университетіне 20 жыл өмірін арнаған Әлия Есесльбаеваның жетекшілігімен көптеген студент танымал спортшыға айналып, жұлдызы жанды.  Олар – Рио-де-Жанейрода ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әбу-Дабиде және БАӘ-де қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ММА бойынша Азия чемпионы, ММА бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аян Тұрсын, спорт шебері, тау шаңғысы спортынан Азия чемпионы Мария Григорова, ауыр атлетикадан 2021 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Гүлнұр Ыбрай және шаңғы жарысынан спорт шебері Айша Рақышева және тағы да басқа спортшылар.

                                                       

      «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы Әлия Еселбаеваның еңбегі мен Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан үлесін ескеріп, оны медальға лайықты деп мойындады. Оның елімізге танымал спортшыларды даярлауға қосқан үлесі университет тарихында ғана емес, сондай-ақ спорт әлеміндегі үлкен жетістіктерге жеткен оның шәкірттерінің жүрегінде де із қалдыратыны сөзсіз.

       

      Бөлісу: