QYZPU «Шалқар» радиосында



    • QYZPU «Шалқар» радиосында

      «Шалқар» радиосы арулардың ақ ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына бүтін бір бағдарлама арнады. Республикадағы тек қана қазақ тілінде ұлт руханиятын ұлықтайтын әуе толқынына Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры және бас регистрар Қымбат Балажанова мен қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафердасының білім беру бағдарламасының көшбасшысы, доцент Бибигүл Иманбекова сұхбат берді.

      Онда университеттің беткеұстар қызметкерлері оқу орданың жетістіктері мен шетелдік мықты жоғары оқу орындарымен әріптестігі, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушыларды шетелге жіберіп жатқандығы туралы айтып, халықпен бөлісті. Тыңдармандар осы бағдарлама арқасында педагогикалық мамандықтардың сапасы, дарынды қазақ қыздары мен жас ғалымдар туралы естіп, білді.  

      Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Шалқар» радиосындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті туралы арнайы бағдарламаны  сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.

                                                                                          

      Бөлісу: