QYZPU-да ұлттық тәрбие туралы қос кітаптың тұсаукесері болды



    •   QYZPU-да ұлттық тәрбие туралы қос кітаптың тұсаукесері болды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі ғалым Кенжехан Матыжановтың «Уыз тәрбие» және «Рухани уыз» атты құнды кітаптарының   тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге білім мен ғылым саласында белгілі тұлғалар жиналды. Рухани құндылық пен бала тәрбиесі туралы туындылардың  болашақ ұстаздардың оқу ордасында тұңғыш оқырманға ұсынылуы тегін емес.

                                                                                

      Әлемдік педагогтар балаға дүниеге келген бойда тәрбие берудің маңыздылығын айтуда. Балаға туған сәтінен бастап тәрбие беру – адамзат санасында сан ғасырлық тәжірибемен, ертеден орныққан қағида. Қазақтың «Баланы жастан...», «Ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі» деген сөздер соның дәлелі болса керек. Тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлықтарын қалыптастырып қана тқоймай, өмірге бейімдейді.

                                               

      Осы орайда, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжановтың «Уыз тәрбие» және «Рухани уыз» жаңа туындылары оқырман мен жас ата-аналарға бала тәрбиесі жайында құнды мағлұматтар береді. Мәселен, «Уыз тәрбие» бала дүние есігін ашқан бойда мәдени құндылықтарды бойына сіңіре отырып, оны тұлға етіп тәрбиелеуге әдістер ұсынса, «Рухани уыз» – рухани дамудың маңыздылығына тоқталады.

                                                                                 

      Автор осылайша бала тәрбеисі мен жеке тұлғаның қалыптасуына рухани ықпалдың әсерін терең талдап, зерттеген. Бұл қос туынды да педагогтар мен қарапайым оқырман үшін де таптырмас құнды дүние болады деп есептейміз.

                                                

       

       

       

       

      Бөлісу: