QYZPU Kundelik-пен келісімге келді



    • QYZPU Kundelik-пен келісімге келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерін электрондық журналдар мен күнделіктердің автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен қамтамасыз етіп отырған Kundelik компаниясымен меморандумға қол қойды. Осылайша тараптар болашақ педагогтардың инновациялық технологиялардың тілін меңгеруіне және мектептерде тәжірибеден сәтті өтуіне екіжақты қолдау көрсетуге келісті. 

      Бұл өте маңызды келісім. Өйткені тек біліміне ғана емес,  инновациялық тәсілдерді де қолдана алатынына сенімді жас маман психологиялық тұрғысынан кәсіби қызметін бастауға барынша дайын болады. Бұл келісімнің мектептегі балалардың білім деңгейін жақсартуға да тиімді болары сөзсіз.  

                                                                                

      Кездесу барысында «Күнделік» жобасының бас директоры және құрылтайшысы Ілиясов Мұхтар Мақсұтұлы 4 курс студенттеріне Kundelik.kz бірыңғай білім беру платформасының үздіксіз дамуы және жаңа цифрлық қызметтері туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыруда оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу жүйесінің маңыздылығын атап өтті.  

                                             

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастырумен өткен маңызды шараға академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің бас регистрары Қымбат Балажанова, практика және мансап бөлімінің басшысы Әсел Алшынова мен бағдарлама көшбасшылары, педагогикалық практика жетекшілері де қатысты. Жиында мамандықтың негізгі аспектілері мен практикалық тәжірибеге дайындыққа қажетті басқа да ақыл-кеңестер айтылды.

                                                                     

       

       

      Бөлісу: