Қазақ  ұлттық  қыздар  педагогикалық  университеті  Гонконгтың  білім  беру  университетімен  меморандумға  қол  қойды



    • Қазақ  ұлттық  қыздар  педагогикалық  университеті  Гонконгтың  білім  беру  университетімен  меморандумға  қол  қойды

      Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгін Алматыда Гонконг білім беру университетінің президенті Джон Ли Чи Кинмен кездесті. Кездесу барысында ведомство басшысы Гонконг тарапына қос диплом бағдарламасын іске асыруды ұсынды. Джон Ли Чи Кин министр ұсынысын қабылдап қана қоймай, Қазақстанмен ғылым және білім беру саласында тығыз жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті темірді қызып тұрған сәтінде басты. Келіссөздер аяқтала сала, ректор Гүлмира Қанай Гонконг білім беру университетінің президенті Джон Ли Чи Кинмен өзара ынтымақтастық жөніндегі 3 жылдық меморандумға қол қойды.

                                                      

      Осы құжат аясында бірлескен магистрлік білім беру бағдарламасы құрылып, студенттер мен оқытушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Гонконгке жіберу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу сынды жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылады.                                           

      Бөлісу: