Ректор Гүлмира Қанай теннисші қыздарды қабылдады



    • Ректор Гүлмира Қанай теннисші қыздарды қабылдады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай ІІ Түркі Универсиадасында үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен 2 курс студенттері Сарвиноз Саидмуратханова мен Музайяна Сайдикаримованы және оларың жаттықтырушысы дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, КСРО спорт шебері Алла Кухаренконы жеңіспен құттықтады.

                                                                

      «Сіздерге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы және өзімнің атымнан ІІ Түркі Универсиадасында үстел теннисінен жоғары көрсеткіштер көрсетіп, ұлттық құраманың қола жүлде иегері атануына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді ректор өзінің құттықтау сөзінде.

      Гүлмира Қанай университеттің атын әлемге танытып жүрген теннисші қыздарға алғыс хат пен гүл және естелік сыйлықтар табыстады.

      Естеріңізге салсақ, Кухаренко Алла Брониславовна – КСРО спорт шебері, үстел теннисінен 11 дүркін Қазақстан чемпионы, КСРО чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның үздік 10 спортшысының бірі.

                                                                                      

      Музайяна Сайдикаримова – үстел теннисінен спорт шебері, 2023 жылғы Жазғы Универсиада чемпионы, 2023 жылғы ҚХР Бүкіләлемдік Универсиадасының қатысушысы, 2023 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, 2023 жылғы Студенттер Лигасының чемпионы.

      Сарвиноз Саидмуратханова - үстел теннисінен спорт шебері, 2023 жылғы Жазғы Универсиада чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының қатысушысы.

                                                                           

       

      Бөлісу: