Белгілі блогер Иван Червинский QYZPU қыздарының сұлулығын паш етті



    • Белгілі блогер Иван Червинский QYZPU қыздарының сұлулығын паш етті

      Белгілі ресейлік блогер Иван Червинский «Алға Қазақстан» деп аталатын Инстаграм және Ютуб парақшаларында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аруларының сұлулығына таңданып, видео жариялаған. Видеода студент қыздар ұлттық әшекейлер тағып, Қорқыт ата университеті бастаған челенджді жалғастырған болатын.

      «Қазақстан аруларының сұлулығы бүкіл әлемге әйгілі. Әсіресе, қыздар ұлттық әшекейлер таққанда олардың сұлулығы, тіпті, еселене түседі!» – деген блогер жазбасында.

      Айта кетейік, Иван Червинскийдің Ютубтағы парақшасына 267 мың адам, ал Инстаграм парақшасына 176 мың оқырман жазылған. Онда блогер Қазақстанның табиғаты мен халқы, дәстүрі туралы әдемі видеолар жариялап, елді тәнті етіп отырады.

      Червинскийдің осындай жазбалары арқасында бүкіл әлем Қазақстанның салт-дәстүрінің ерекшелігі мен сұлулығын танып, еліміз туралы көбірек біледі.

                                                                        

       

      Бөлісу: