QYZPU-дің 80 жылдығына арналған бағдарлама



    •  QYZPU-дің 80 жылдығына арналған бағдарлама

      Қызын құрметтеген қазақ халқының ару қаласы – Алматының төрінде 80 жыл бұрын есігін айқара ашқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тарихы, сұрапыл соғыс жылдары қазақтың қаракөз қыздары мен ұлдары білімсіз қалмасын деп мектепте сабақ беретін ұстаздарды даярлаған сол кездегі педагогтардың қайыспас қайсарлығы және оқу ордамыздың ғылымға қосып жатқан қазіргі үлесі туралы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Әділбекова ABAI TV арнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берді. Хронометражы 45 минут болатын сұхбатты университеттің Youtube каналынан көре аласыздар.  

                                                                               

      Тележүргізуші Қаракөз Сүлейменовамен болған сұхбатта Ләззат Махайқызы қазақтың қаймағы бұзылмаған оқу ордасы мен қыз тәрбиесі және ұлт ұяты сынды аса құнды тақырыптар аясында да әңгімелейді.

                                                                    

       

      Бөлісу: