2 курс магистранты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында постерлік баяндамалар сайысында екінші орынды иеленді



    • 2 курс магистранты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында постерлік баяндамалар сайысында екінші орынды иеленді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранты Жанбота Ерзат халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында постерлік баяндамалар сайысында екінші орынды иеленді. Байқау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен болатын. 2 курс магистранты  Біртұтас педагогикалық үрдісте инновациялық әдістер мен формаларды жүзеге асыру жолдарына талдау жасаған.

      Нәтижесінде конкурстық комиссияның  шешімімен Жанбота Ерзат IІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

      Жас зерттеуші Жанбота Ерзаттың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Кулбаршын Метербаева.

      Бөлісу: