QYZPU-дің теннисші қызы жеңіспен оралды



    • QYZPU-дің теннисші қызы жеңіспен оралды

      Қазақстанның үздік теннисшісі Сарвиноз Саидмуратханова Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ІІ Түркі Универсиадасында үстел теннисінен өнер көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама қыздары қола жүлдені қанжығаға байлады.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагогика және психология институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Сарвиноз Саидмуратханова – үстел теннисінен спорт шебері, 2023 жылғы Жазғы Универсиада чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының қатысушысы.

                                                                                  

      Спортшыны дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, КСРО спорт шебері Алла Кухаренко жаттықтырады.

      Айта кетейік, Универсиадаға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан 450-ге жуық спортшы қатысты. Олар үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрінен бақ сынасты. Спорттық ойындар «Olympic center» спорт кешенінің және Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізілді.

      Бөлісу: