Ұлттық баяндаманың жобасы әр азаматтың сапалы білім алуына жол ашады



    • Ұлттық баяндаманың жобасы әр азаматтың сапалы білім алуына жол ашады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ректор Гүлмира Қанайдың төрағалығымен ғылыми кеңестің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жобасындағы негізгі бағыттарды талқылады.

      Ректор Гүлмира Қанай Ұлттық баяндама жобасында министрлік түсін түстеп көрсеткен шаралардың білім беру саласына беретін негізгі басымдықтарына тоқталды. Атап айтқанда, Басқарма төрағасы білім беру жүйесі алдында тұрған заманауи талаптар мен сын-қатерлерге сәйкес білім беру мазмұнын өзгертудің маңыздылығын атап өтті. Жобада көрсетілген басты бағыттардың бірі – цифрлық трансформация. Әринге, бұл үдерістер әрбір университетке әлемдегі соңғы өзгерістерге тез бейімделуге және студенттерге заманауи білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

                                                       

      Сондай-ақ ғылыми кеңес мүшелері жас ғалымдарды даярлауға қатысты маңызды идеяларды да талқылады. Айта кету керек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми зерттеулерді қолдап қана қоймай, жас ғалымдарға кәсіби өсу мен ғылыми білімдерін жетілдіруге зор мүмкіндіктер береді.

      Отырыста қаралған негізгі мәселелердің бірі – білім беру мазмұнының сапасын арттыру болды. Ғылыми кеңес мүшелері студенттердің білім беру бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін және білімдерін бағалауды жақсартудың түрлі тәсілдерін қарастырды. Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу және қазіргі заманғы технологияларды пайдалану білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретіні белгілі.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы сапалы білімді қолжетімді етуде маңызды міндеттерді атқара отырып,  білім беру және ғылыми тұрғыда үлкен жетістіктерге жетуде. Яғни «Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасының жобасында ұсынылған басым бағыттарды қыздар университеті өз қызметінде қашанда алғышарт ретінде ұстанады. Ректор мен ғылыми кеңес мүшелері отырыс соңында университет әрбір студент үшін сапалы білімді қолжетімді ету және сапалы білім беруді үздіксіз қамтамасыз ету миссиясын әрі қарай да жалғастыруға келісті.

      Ұлттық баяндама жобасының толық нұсқасын сілтемені басып оқуға болады:                                                                  

                                                                            

       

      Бөлісу: