QYZPU студенті республикалық ғылыми зерттеулер байқауында екінші орынды иеленді



    • QYZPU студенті республикалық ғылыми зерттеулер байқауында екінші орынды иеленді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Аружан Бозтаева Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған ғылыми зерттеу жұмыстар байқауында екінші орынды иеленді. Байқау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен болатын. 2 курс студенті ғылыми жұмысында Н.В. Гогольдің «Шинель» повесіндегі кішкентай адамның бейнесіне және А.П. Чеховтың «Шенеуніктің өлімі» әңгімесіне салыстырмалы түрде талдау жасаған.

      Нәтижесінде конкурстық комиссияның  шешімімен «6В01705 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша Аружан Бозтаева министрліктің IІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

      Жас зерттеуші Аружан Бозтаеваның ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а. Ғибадат Орынханова.

      Бөлісу: