Шаңғышы Айша Рақышева Финляндиядағы жарыста Қазақстанның абыройын қорғайды



    • Шаңғышы Айша Рақышева Финляндиядағы жарыста Қазақстанның абыройын қорғайды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті, белгілі шаңғышы Айша Рақышева Муониода өтетін FIS шаңғы жарысында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді. Спортшы жарысқа шығар алдында қазақ халқы мен университет ұжымына сәлемдеме жолдап, видео жазды.

      «Қайырлы күн, барша қазақ елі! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегәі қыздарға жалынды сәлем! Қазіргі уақытта Финляндия елінде оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бүгін бізде оқу-жаттығу жиынының соңғы күні. Ертең таңертең ерте Муониоға жарысқа шығамыз. Барлықтарыңызға жалынды сәлем! Барлықтарыңызға оқуда жетістік тілеймін!» – деген спортшы видеосында.

      Жарыс кестесіне сәйкес, классикалық жүріспен спринт 12 қарашада, 13 қарашада - 10 км (әйелдер) және 15 км (ерлер) классикалық жүріспен жарыс, 14 қарашада - 10 км (әйелдер) және 15 км (ерлер) конькимен жарыс өтеді.

                                                                     

       

      Бөлісу: