Ақын қыздар белгілі қаламгер Қасымхан Бегмановқа кездесу кезінде өлең шығарып берді



    • Ақын қыздар белгілі қаламгер Қасымхан Бегмановқа кездесу кезінде өлең шығарып берді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ақындары белгілі қаламгер, ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегмановқа арнап кездесу кезінде бір емес, бірнеше өлең шығарып берді. Жазушы жас ақындардың суырып салма қасиетіне риза болып, оларды Жазушылар одағына шақырды. Сондай-ақ өлеңдерін әдеби журналдарға жариялауға уәде берді. 

                                                      

      Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімен кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Ақын, журналист оларға өзінің поэзиясындағы ұлттық таным туралы әңгімелеп берді. Сонымен бірге ақынның поэзиялық туындыларына мәтіндік талдау жасалды. Осылайша болашақ әдебиетшілер ақынның шығармашылығымен тікелей танысып, ақынмен сырласуға мүмкіндік алды. Басқосуда ақын қазақ өлеңін жанына серік етіп жүрген студенттердің шығармашылығына барлау жасады. Қасымхан Бегманов поэзияға бет бұрған  ақын қыздарға ағалық кеңесін де айтты.                                              

                                                                                

      Кездесу соңында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Әділбекова ақынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы атынан шапан жапты. Ерекше ілтипатқа бөленген Қасымхан Бегманов өз кезегінде авторлық кітаптарын қонақ кәде ретінде сыйға тартты.

                                                                     

       

      Бөлісу: