Ғылым және жоғары білім министрлігі QYZPU-дің 184 студентіне тегін оқуға мүмкіндік берді



    • Ғылым және жоғары білім министрлігі QYZPU-дің 184 студентіне тегін оқуға мүмкіндік берді

      Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне түскен 184 студенттің құжаттарын қайта қарап, олардың барлығына мемлекеттік білім грантын тағайындады. Осылайша министрлік балалары оқуға түсу кезінде байқаудан өтпей қалған 184 отбасыны 4 жылдық қаржылық салмақтан арылтып, зор қуаныш сыйлады. 

      184 студенттің алтауы мемлекеттік грантқа квотамен түсті.

      Гранттардың басым көпшілігін қазақ тілі және әдебиеті, шет тілі, орыс тілі және әдебиті мен математика мамандықтарының студенттері иеленген.

      Естеріңізге салсақ, Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттар тағайындалды. Еліміз бойынша барлығы 4000-нан астам студент мемлекеттік білім грантының иегері атанды.

      Бөлісу: