Министр Саясат Нурбек QYZPU профессорын төсбелгімен марапаттады



    • Министр Саясат Нурбек QYZPU профессорын төсбелгімен марапаттады

      Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Гүлназ Салғараеваны марапаттады. Министрдің атынан құрметті марапатты Гүлназ Салғараеваға Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай табыстады.

      Осылайша профессордың көп жылдарғы еңбегі жоғары бағаға ие болды. Гүлназ Салғараева – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, жалпы білім беретін орта мектептің 6-11 сыныптарына арналған «Информатика» оқулығының авторы, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының иегері. 1996 жылы Қазақ қыздар педагогтік университетінің бакалавриатын тәмамдаған. 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін, 2009 жылы информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

      Еңбек жолын 1996 жылы Қазақтың қыздар педагогтік университетінің «Математика және информатика» кафедрасында инженер-програмисті қызметінен бастаған.1998-2000 жылдар аралығында аталған институттың «Математика-информатика» кафедрасында оқытушысы, 1998-2000 жылдар аралығында «Математика-информатика» кафедрасында оқытушы, 1999-2003 жылдар аралығында Жаратылыстану факультеті деканының орынбасары, 2000-2004 жылдар аралығында «Математика-информатика» кафедрасында аға оқытушы, 2003-2005 жылдар аралығында Институттың жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, 2005-2020 жылдар аралығында «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының меңгерушісі, 2020-2021 оқу жылында «Физика, математика және цифрлық технологиялар» жоғары мектебінің деканы, ал 2021 жылдың қыркүйегінен бастап «Физика, математика және цифрлық технологиялар» институтының директоры болып келеді.

      Салгараева Гульназ Ибрагимовна 1996 жылдан бері білім беру саласында ғылыми зерттеулерді үздіксіз жүргізіп келеді. Еңбегінің нәтижесі ретінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанып, Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

      Әріптесімізді еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жеткен жетістігімен құттықтап, одан да жоғары марапаттарға ие болуын тілейміз!

      Бөлісу: