Студенттер үйінен орын алуға өтініш қабылдау басталды



    • Студенттер үйінен орын алуға өтініш қабылдау басталды

      Бүгін «Hero study» арқылы Студенттер үйінен орын алуға өтініш қабылдау басталды. Өтініштерді тек 1 курс студенттері жібере алады. Ал 2-4 курс білім алушыларына орын Комиссия шешімі негізінде бөлінеді. Ал Студенттер үйіне жайғасу 6 қазаннан басталады. 

      Студенттер үйінен орын алу бойынша қосымша ақпаратты Тұлға қалыптастыру департаменті директорының міндетін атқарушы Ақылбек Сағындықовқа 8 707 511 19 88 телефон нөмері арқылы хабарласып, біле аласыздар.

      Студенттер үйінен орын алуға өтініш тапсыру кезінде жеке тұлғалар үшін Алматы қаласында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы Электрондық үкімет порталынан осы сілтеме бойынша ала аласыздар. 18 жасқа толмаған білім алушы анықтаманы ата-анасының атынан алуы қажет және туу туралы куәлікпен бірге жүктеуі керек.

         Өтінім беру жөніндегі нұсқаулық  

      Бөлісу: