QYZPU-да диссертация қорғау әлемдік талапқа сай өзгертілді 



    • QYZPU-да диссертация қорғау әлемдік талапқа сай өзгертілді 

      1 курс магистранттары мен докторанттарына диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемдік стандарттарға сай жаңа форматта жүргізуді «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Еділбай Оспанов үйретуде. 

      Спикер курс соңында магистранттар мен докторанттарды таңдаған тақырыптары бойынша 2000 сөзден тұратын  эссе  жазумен бағалайтын болады. Интенсивті курстың нәтижесінде білім алушыларға ғылыми – зерттеу жұмыстарын жоспарлап, диссертация тақырыптарын дұрыс таңдау білетін болады.

      Диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемдік стандарттарға сай жаңа форматы дегеніміз ол – магистранттар мен докторанттар үшін диссертация жазудың арнайы этаптары арқылы бекітілген диссертациялық жұмыстары бойынша әдебиеттерге шолу/теориялық шеңбер/тұжырымдамалық шеңбер, ғылыми негіздемесін жазу, деректерді жинау/ зерттеу жүргізу/ эксперимент/анализ/ тәжірибе,  зерттеу нәтижелерін талқылау/ осы саладағы білімді, ғылымды дамытуға қосқан үлесі/ ұсыныстар /рефлексия / қорытындыны жазып,  уақытылы қорғауға  ұсыну. Еділбай Оспановтың жетекшілігімен басталған 2 апталық ертең мәресіне жетеді.

      Бөлісу: