QYZPU профессорының жаңа кітабы шықты



    • QYZPU профессорының жаңа кітабы шықты

      Жаратылыстану институты химия кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбала Мырзахметованың «Элементтер химиясы» атты оқулығы жарық көрді. 500 дана таралыммен жарық көрген кітап «Альманахъ» баспасында басып шығарылды. 

      Оқулық «6В01507-химия», «6В01508-химия-биология», «6В05301-химия» білім беру бағдарламаларының 2-курсында оқытылатын «Элементтер химиясы» пәніне арналып дайындалған. Жалпы химия саласындағы білім алушыларға, мектеп оқушылары мен ұстаздар да өзіне қажетін кітаптан таба алады.

      Тарауларда теориялық материалдармен қатар, типтік есептерді шығару мысалдары да көрсетілген. «Кредиттік оқыту жүйесі талаптарына сай білім алушылардың үнемі білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамыған, білімді маман болып қалыптасуы үшін балама оқулықтар мен құралдардың жеткілікті дәрежеде болғаны дұрыс. Осы тұрғыдан алғанда оқулық білім алушыларға өте қажетті болады деп есептеймін», – дейді кітап авторы Нұрбала Мырзахметова.

      Әріптесімізді жетістігімен құттықтап, ғылым жолында үлкен жетістіктер тілейміз!

      Нұрбала Мырзахметованың оқулығы жақында университет кітапханасында және кітапхананың электронды сайтында  http://lib.kazmkpu.kz/  қолжетімді болады.

      Бөлісу: