QYZPU-ға Түркиядан профессорлар келді



    • QYZPU-ға Түркиядан профессорлар келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Түркиядан қос бірдей оқытушы келді. Балыкесир Наджатибей университетінің профессоры, доктор Гүлжан Четин биология кафедрасының студенттері мен магистранттары және докторанттарына ғылыми дәрістер өткізетін болады. Сондай-ақ бакалавр деңгейіндегі білім алушыларға түрік білім беру жүйесінің ерекшелігі, орта мектеп оқушыларының қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыру, биология пәнін оқытудағы жаңа әдістер туралы айтып түсіндіреді. Әлеуметтік-ғылыми зерттеу жүйесінің мәселесі тақырыбы да қозғалып, «Әлеуметтік-ғылыми зерттеу бағытында сапалы зерттеу жұмыстарын қалай жүргізуге болады?» тақырыбында магистранттар мен докторанттарға семинар, дәрістер өткізеді. 

      Биология кафедрасының профессор-оқытушыларымен «Түркияның бакалавриат деңгейі бойынша биология білім беру бағдарламасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды дайындау, ғылыми тағылымдама бағыттарында талқылау жұмыстары жүргізіледі.

                                                                                   

      Йылдыз техникалық университетінің қауымдатырылған профессоры Бахадир Кескин болса химия кафедрасының студенттері, магистранттары және докторанттарына ғылыми дәрістер өткізеді. «Таза және тұрақты энергия алу», «Жаһандық энергияның бүгіні, сұранысы, қиындықтары және перспективалары», «Наноқұрылымдар химиясына кіріспе, наноматериалдардың түрлері, интерфейсі және беті, негізгі қасиеттері» тақырыптары бойынша дәріс-семинарлар жүргізіп, «Наноматериалдар синтезі және қасиеттерін анықтау, түрлендіру мәселелері» туралы халықаралық жобалар жасауды студенттермен талқылайды.

      Түркиядан келген профессорлар 19-қыркүйек күні университетіміздің коворкинг орталығында студенттерге қонақ дәріс оқитынын хабарлаймыз.                                                                                                                                             

      Бөлісу: