QYZPU студенттері стартап қорғап, сертификаттарға ие болды



    • QYZPU студенттері стартап қорғап, сертификаттарға ие болды

      Физика, математика және цифрлық технологиялар Институтының студенттері – Жақсылық Асел, Сатымбек Ферузахан, Сәрсенбай Диана, Суванқұл Жансая, Дүрімбек Айнұр және Қали Марфуға Wallet kit, Squares.kz, EMOTE.kz негізін қалаушылары мен NURIS программасының бітірушілері алдында «WinS – 1» стартап жобасын қорғап, қаржы кеңесшілерінің қолдауына ие болды. 

      Студенттерге «Digital Lady» технопаркінің инженер-программисті Хамза Дәулетбек жетекшілік еткен болатын. «WinS – 1» стартап жобасында білім алушыларымыз қоршаған ортаны таза ұстау, қорғау мақсатында қоқысты автоматты сұрыптаудың оңтайлы жолын тапқан. Алматының жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан іс-шараны Қазақстан-Британ техникалық университеті мен NURIS бизнес-инкубаторы бірлесе отырып ұйымдастырған болатын. Жастарымыз 9-10 қырқүйек күндері екі күн қатарынан таңғы сағат 9–дан кешкі алтыға дейін стартап идеяларын қорғады.

      Жобаларын сарапшылармен талқылап, оны одан әрі қалай жақсарту және дамыту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ стартап жобалардың нақты көрінісін қалыптастырып, пікірлестер қауымдастығымен танысты. Іс-шара соңында белсене қатысқан студенттеріміз сертификаттарға ие болды.

                                                                                    

                                                                                                                                                                                            

      Бөлісу: